jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36%-ы — жастар

27 сәуiр 2021, 17:19

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36%-ы жастар. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Оның айтуынша, биыл коронавирус инфекцияның даму динамикасы күрт өсті. Әсіресе, 20-30 жас аралығындағы тұрғындар жиі шалдығып жатыр. «Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36 пайызы жастарға тиесілі. Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балалар арасында өсу байқалады. Оқушылар арасынан да шығып жатыр. Айта кету керек, бұл балалардың барлығы онлайн оқып жатқандар. Әрбір екінші адам отбасында инфекцияны жұқтырады. Симптоматикалық науқастардың саны артып, 90% дейін жетеді»,-деді Жандарбек Бекшин. Сонымен қатар, ол қалада коронавирус жұқтырғандардың саны 8 наурыздан бастап көбейгенін айтты. «Енді мамыр мерекелері келе жатыр. Осыған байланысты алматылықтарды барлық санитарлық талапты сақтауға шақырамын. Халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға кеңес береміз», — деп түйіндеді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия