jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты

18 сәуiр 2021, 13:54

Алматыда коронавирус жұқтырған 3 868 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 677 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 557-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 120 -ы симптомсыз ауырған. «Инфекциялық стационарларда 3 868 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 101 бала емделуде. 885 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 983 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 258 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 85 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 328 пациент бар. Оның ішінде 5 522 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 806 адамда ауру белгілері жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия