jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқастың жағдайы ауыр

27 сәуiр 2020, 10:40

#үйдеотыр

Алматыда COVID-19 жұқтырған екі науқастың жағдайы ауыр. Екеуі де тыныс алуы қиындауына байланысты өкпені жасанды желдету аппарытына қосылған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

27 сәуірде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны — 847 адам.

«Кешегі күні тағы 5 жаңадан вирус жұқтыру жағдайы анықталды. Оның төртеуі — карантиндегі науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 1989 жылы туған екі ер адам және 1971, 1958 жылы туған екі әйел кісі бар. Ал бесіншісі — кеше «Атырау — Алматы» рейсімен ұшып келген 1988 жылғы әйел. Экипаждың барлық мүшелері карантинге жатқызылды»,– деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Екі науқастың жай-күйі аса ауыр, 29 адамдыкі – ауыр, 214 адамда – орташа ауыр, қалған пациенттердің жағдайы бірқалыпты.

Басқарманың мәліметінше, екі науқас тыныс алуы қиындауына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылған. Жұқпалы ауру стационарларында 744 адам жатыр. Провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде 11 бала бар.

Карантиндік оқшаулауда — 415 адам, оның бесеуі — бала. Провизорлық және карантиндік стационарларда бос орындар жеткілікті екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі күнге дейін Алматыда 96 адам сауығып, үйіне оралған. Оның ішінде алтауы — балалар.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия