jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді

05 сәуiр 2021, 18:03

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді. Індет «жасарды». Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қалада коронавиурстың кең тарауына мутацияланған түрінің келуі себеп болған. Өйткені жаңа штаммның жұқтыру қабілеті екі есе жоғары. «Індет «жасарды». Қазір коронавирусты жас балалар жұқтырып жатыр. Осы мәселе бізді алаңдатып отыр. Наурыз айының бірінші аптасында 10 жағдай тіркелген болатын. Қазір 160 жетті. Сондықтан бұған мән беру керек. Ең алдымен ата-аналар сақ болуы қажет. Былтыр оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы 281 болған. Жаңа жылдан бері 1700-ге жуық оқушыдан вирус анықталды. Вирус анықталған оқушылардың 80 пайызы үйде, яғни қашықтан оқитындар. Сондықтан баланың қайда жүргенін бақылау керек, оларға адам көп шоғырланған жерге бармауға кеңес беру керек. Күн жылынысымен мыңдаған адам далаға шықты, сондықтан адам көп жиналатын жерден бастарту қажет, — деді ол. Жандарбек Бекшин санитарлық талапты сақтауға кеңес берді. Қолды жуып, масканы үнемі тағып жүру керектігін баса айтты.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия