jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 4 мыңнан астам адам ауруханада жатыр

19 сәуiр 2021, 10:32

Алматыда коронавирус жұқтырған 4 014 науқас емделіп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 665 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 588-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 77 -і симптомсыз. «Инфекциялық стационарларда 4 014 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 110 бала емделуде. 896 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 3 118 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 245 адам жатыр. Ал 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 88 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 246 пациент бар. Оның ішінде 5 475 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 771 адамда ауру белгілері жоқ.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде