
Алматыда коронавирус жұқтырған 847 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 198 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 186, симптомсыз – 12 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 92, келіп түскені – 74 «Инфекциялық стационарларда 847 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 27 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 103 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 47 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1804 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1722 науқас. 81 адамда коронавирус белгілері жоқ.