jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 168 бала емделіп жатыр

14 шiлде 2021, 12:21

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 947 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

13 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 640 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 574 , симптомсыз – 66 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 139, келіп түскені – 302.

«Инфекциялық стационарларда 1 947 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5 200 ), оның ішінде 168 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 133 адам жатыр. Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 46 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 42 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 527 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда — 3194 науқас. 333 адамда коронавирус белгілері жоқ. Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия