jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус инфекциясының көрсеткіші өсіп келеді

26 қазан 2020, 17:44

Алматыда коронавирус инфекциясының көрсеткіші артып келеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«Ахуал салыстырмалы түрде алғанда қазір тұрақты. Ауру жағдайлары кезең кезеңімен артып келеді. Айдың басымен салыстырғанда ол кезде күніне 3-5 жағдай тіркелетін, қазір күніне 15-20 адам тіркеледі», — деді брифинг барысында Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, тәуліктік өсім 0,1%, репродуктивті сан R, яғни таралу индексі – 1,88. Бұл көрсеткіштерді былай түсінуге болады: R>1 – эпидемия өсіп келеді, R=1– эпидемия бұрынғыдай, R<1 – эпидемия төмендеп келеді. Алматыда COVID-19 тіркелгелі бері 14 622 жағдай лабораториялық жолмен расталды. Оның 8 791-і симптомды, 5 871-і симптомсыз болып отыр. 1 тамыздан бастап (коронавирус пневмониясы есебі енгізілген кез) 998 коронавирус пневмониясы тіркелген.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия