jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус инфекциясы тараған 10 ошақ анықталды

20 наурыз 2020, 18:38

Алматы қаласы аумағындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, Алмалы ауданында – 3, Медеу ауданында – 3, Түрксіб ауданында – 2, Жетісу ауданында – 1, Алатау ауданында 1 ошақ анықталған. Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың отырысында COVID-2019-дың ошағы ретінде тіркелген аумақтарда ішкі карантин енгізу шешімі қабылданды. Бүгінде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 22 жағдайы тіркелді. Барлық ошақта індеттің одан әрі таралуының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Медицина қызметкерлері ошақ аймағында орналасқан барлық тұлғалардың жағдайына мониторинг жүргізуде. COVID-19 індетінің тіркелген оқиғаларына және инфекцияның таралу сипатына қосымша талдау жүргізілгеннен кейін және эпидемиологтардың қорытындысын негізге ала отырып, ошақ аумағының шекарасы көппәтерлі үйдің кіре берісіне дейін және тұрғын үй аумағындағы жекеменшіктегі үйге дейін қысқартылды. Осыған орай үйлер мен пәтерлерді квартал бойынша карантиндеу туралы бұған дейін қабылданған шешім күшін жояды. «Жалпы инфекция 1-1,5 метр қашықта тұрған науқас адамның сөйлеуі, түшкіруі мен жөтелі арқылы беріледі. СОVID-2019 індетін адамдар отбасында, жұмыста, қоғамдық көлікте, қонақта және басқа да қоғамдық орындарда тек тығыз байланыста болу арқылы жұқтыруы мүмкін. COVID-2019 вирусының қоршаған ортада төзімділігі төмен болғандықтан, 1 сағаттан артық өмір сүре алмайды. Сол себепті COVID-2019 жұқтырған науқаспен тығыз байланыс орнатпаған үйлер мен пәтерлерді карантинге жабудың қажеті жоқ», — деді әкімдіктен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде