jasqazaq.kz

Алматыда “көріпкел” зейнеткерді алдап кетті

13 наурыз 2021, 12:47

Алматыда “көріпкел” дуаны алып тастаймын деп, зейнеткерлерді алдап соққан. Алматыда заңсыз баю мақсатында адамдардың сеніміне кіріп, ақша жымқырған екі әйел ұсталды.

Бір жағдайда шығын үш миллион теңгеден астам болса, екіншісінде 2,2 миллион теңгені құрады. Зардап шеккендермен кездескен кезде әйел өзін көріпкел ретінде көрсетіп, азаматтарды дуаны жоюға және байлықты тартуға болатынына сендіргені белгілі болды. Жәбірленушілерді өңдеу деп аталатын іс-әрекетке бірнеше минут кеткен. “Көріпкел” рәсімді орындау үшін үйдегі барлық қолма-қол ақшаны алып келуді өтінді. “Қолдың ептілігі және ешқандай алаяқтықсыз” – бірнеше секунд ішінде ақшалар қарапайым қағазға ауыстырылды. Жәбірленушілерге «байлықты» күту ғана қалды. Алдаудың тағы бір нұсқасы одан да сұмдық көрінді. Іс-әрекеттер мамыр мерекелеріне дейін болды. Қылмыскерлер өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырды және пәтерге кірген кезде сыйлықтар мен жәрдемақыларды алу үшін ардагерлер тізіміндегі деректерді нақтылауды сұрады. Бірі “тексерумен” айналысқан кезде, екіншісі ақшаны іздеді. Пәтерлердің бірінен екі миллион теңгеден астам қаражатты тауып алды. Осы қылмыстарды жасағаны үшін Алматы облысының 1982 және 1986 жылы туған тұрғындары ұсталды. Ұсталғандардың бірі осыған дейін осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі ұлғаюы мүмкін. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерді таныған барлық жәбірленушілерден келесі телефондарға қоңырау шалуды сұраймыз: 8-701-233-4790; 8-708-707-9202; 8-775-774-4441.

Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия