jasqazaq.kz

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

23 тамыз 2021, 11:11

Алматыда көпқабатты үйдің бірінен өрт шықты.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 22 тамыз күні кешкі сағат 21:20 кезінде «101» пультіне Төле би көшесіндегі 15 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті. «Өрт сөндірушілер Алмалы ауданының Төле би көшесіндегі 273/6-үйге жіберілді. Келген сәтте 15 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатының балконында өрт шыққанын анықтады. 2 шаршы метр аумақта үй заттары жанған. Өрт сөндіру техникасының өтуіне тұрғындардың жеке көліктерін тығыз қойғаны кедергі келтірді. Уақытты жоғалтпай жағдайды бағалап, өрт сөндірушілер 5 қабатқа үш иінді сондай-ақ «шабуыл» өрт сатыларын қолдана отырып, жоғарғы қабаттарға көтеріліп, өрті 3 минут ішінде ауыздықтап үлгерді. Өрт толығымен 21.36 минутта сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

ТЖД алматылықтардан көліктерін қойып шұғыл қызметтердің өтер жолын бөгемеуді сұрайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия