jasqazaq.kz

Алматыда көпірдегі лифтінің есігін сындырған күдікті ұсталды

09 наурыз 2019, 14:58

Алматыда көшенің үстінен өтетін көпірдің мүгедектерге арналған лифтісінің есігін теуіп сындырған жасөспірімнің видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram-дағы видео желі қолданушыларының ызасын келтірді. Алматы полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, кәмелетке толмаған бұзақы ұсталған. «Видеоматериалдан бұзақылық әрекеті қала магистральдарының бірінде жасалғаны көрініп тұр. Тексеріс кезінде оны 2003 жылы туған, кәмелетке толмаған азамат О. жасағаны анықталды. Бозбала осы әрекетінің нендей салдарға әкеп соқтыратынын ойламаған. Бірақ бұл жайт баланы, оның ата-анасын жауапкершіліктен құтқармайды. Жасөспірімнің өзі де сол жерге жақын маңда тұрады. Оныншы сыныпта оқитын бала ауқатты, толық отбасында тәрбиеленіп жатыр. Оның ата-анасымен сөйлесіп, бала тәрбиесі бойынша міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілік жүктелетінін түсіндірдік», дейді Алматы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева. Іс материалы Алатау аудандық полиция басқармасында тіркеліп, жасөспірімді ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 435-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тарту үшін Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда