jasqazaq.kz

Алматыда көпбалалы аналарды тақырға отырғызған әйел ұсталды

03 шiлде 2019, 17:33

Алматыда көпбалалы аналарды алдап, ақшасын қолды еткен әйел ұсталды. 

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 35 жастағы әйелдің мойнында 100-ге жуық қылмыстық эпизод тіркелген. Оның құйтырқы әрекеттерінен Шымкент, Тараз, Қызылорда, Алматының көпбалалы аналары жапа шекті. «Бұл әйел көпбалалы аналарды атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеп беремін, құжаттарды тездетіп беремін деп, сеніміне кірген. Ол істі шешу үшін керек деп алдын ала төлем алып отырған. Бұл оқиға аналарға үлгі болып отыр. Мемлекеттік құжаттарды рәсімдеуде ешқандай «көмекшінің» көмегі керек жоқ. Бұл азаматшаның мемлекеттік органдармен ешқандай байланысы болмаған», — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов. Күдіктінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар көрінеді. Балалары анасының қолында тәрбиеленіп жатыр. Бұған дейін де алаяқ келіншек осындай қылмыстық ісі үшін жауапкершілікке тартылған. «Қазір ол уақытша оқшаулау орнында қамауда отыр. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы азаматшаның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 8-727-298-53-02; 8-707-515-47-35; 8-701-718-70-69 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», — деді полковник Тұрсынбетов.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда