
Алматы орталығында «Gakku дауысы» концертінің соңы төбелеске ұласты.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде таралды. Полиция аталған оқиғаға қатысты түсінік берді. «Өткен демалыста 102 кезекші пультіне жаппай төбелес туралы арыз түскен жоқ. Аудандық полиция бөлімшелеріне де ешкім хабарласпаған. Бұл видеоны қазір Полиция департаментінің Алмалы аудандық басқармасы тексеруде», — деді Полицияның баспасөз қызметінен. Айта кету керек, «Gakku Дауысы» концерті жылда қала күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Бұл жолы «Астана» алаңына концертті тамашалауға 250 мың адам жиналған.
https://www.instagram.com/p/B2bVKruHUaH/