jasqazaq.kz

Алматыда коммуналдық төлемдерді төлеу кейінге шегерілді

01 сәуiр 2020, 15:27

Төтенше жағдайға байланысты Алматыда коммуналдық төлемдерді төлеу кейінге шегерілді.

Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев брифингте айтты. Оның айтуынша, қала әкімдігі тұрғындарды қолдау бойынша бірқатар шараларды қабылдаған. «Сумен жабдықтау және су тарту қызметтеріне («Алматы Су» МКК), жылу және ыстық сумен жабдықтауға («Алматы жылу желілері» ЖШС) және электр энергиясына («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы) және телефон байланысына («Алматытелеком» АТД) төлем жасауды кейінге қалдырылды»,– дейді ол. Бұл бастаманы лифт ұйымдары да қолдады. Олар қала тұрғындарына айыппұл санкцияларын қолданбай, екі айға (наурыз, сәуір) төлемді кейінге қалдырды. «Тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау қорынан аула сыпырушылардың, клинингтік компаниялардың еңбекақысы, авариялық қызметтердің, лифтілер мен көтергіштер сияқты қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсететін ұйымдардың шақырулары, сондай-ақ кондоминиумның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ортақ мүлікті қауіпсіз пайдалану, онда тиісті тәртіпті сақтау, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық ылғалды тазалау үшін қажетті басқа да шығындар төленеді»,– дейді Мейіржан Отыншиев Сондай-ақ ол, бұл ретте, басқару органдарына төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде жарналарды кейінге қалдыруды көздей отырып, күрделі жөндеуге жарналар жүргізуге мүмкіндігі жоқ меншік иелеріне айыппұл санкцияларын қолданбауды ұсынатынын айтты. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша қарызды өтеуге арналған төлемдерге қатысты меншік иелері де карантин уақытында төлемдердің мерзімін ұзарта алады. Төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда айыппұл санкциялары қолданылмайды»,– деді ол.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі