jasqazaq.kz

Алматыда коммуналдық қызмет ақысын төлеу жыл соңына дейін ұзартылды

22 наурыз 2020, 15:01

Төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай отырған Алматы тұрғындарына борыштарын жыл соңына дейін өтеуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұндай мүмкіндік коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантинге орай коммуналдық қызметтерді уақытында төлеуге мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарына беріледі. Бүгіннен бастап карантиндік жағдайға байланысты қиын материалдық жағдайға тап болған тұтынушы телефон арқылы немесе электрондық сайттар арқылы қызмет көрсетушінің есеп айырысу бөліміне хабарласып, жылдың наурыз және сәуір айлары үшін төлемдерінің мерзімін ұзарта алады. Төлемдер бойынша кейінге қалдыру тек жеке тұлғаларға сумен жабдықтау және кәріз жүйесі үшін («Алматы Су» МКК), жылыту және ыстық сумен жабдықтау («Алматы жылу желілері» ЖШС), электр энергиясы («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы), телефон байланысы («Алматытелеком» АТД) қызметтері бойынша беріледі. Айта кетейік, карантин кезінде коммуналдық қызметтерге қарызы бар тұрғындар электр жарығынан, судан, жылу мен газдан және телефон байланысынан ажыратылмайды. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет ақысын уақтылы төлемегені үшін жеке тұлғаларға айыппұлдар салынбайды. Төлемдерді кейінге қалдыруды ресімдеу үшін кәсіпорындардың call-орталықтарының нөмірлері: «АлТС»: +7 (727) 341-07-77, info@alts.kz — +7 (701) 098-45-05, ortalyc@alts.kz – «Орталық» КҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін); — +7 (708) 249-87-79, batys@alts.kz – «Батыс» КҚ (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін); — +7 (777) 969-84-46, shygis@alts.kz – «Шығыс» КҚ (Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының тұрғындары үшін); «Алматы Су»: +7 (727) 3-777-444, almatysu.kz және as-portal.kz; «АлматыЭнергоСбыт»: +7(727) 356-99-99, 399-99-00, esalmaty.kz «ҚазТрансГаз»: +7 (727) 244-55-33, ktga.kz; «Алматытелеком»: 160, +7 708 000-01-60, telecom.kz; Тәртіп АҚ: 7 (727) 344-19-19, +7 (727) 393-08-05, +7 (727) 393-08-03, tartyp.kz; «Алматы лифт»: +7(727) 390-28-19.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия