jasqazaq.kz

Алматыда көліктердің үстіне ағаш құлады

04 маусым 2021, 14:39

Алматыда ағаштар құлап, 4 көлікке зақым келді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» желісіне түскі сағат 12:30 шамасында қатты соққан желдің әсерінен ағаштар мен бұтақтардың көліктерге құлағаны туралы хабарлама түсті. Атап айтар болсақ, Алмалы ауданында — 2 жағдай, Алатау ауданында — 1 жағдай, Медеу ауданында орналасқан ғимараттың әрлеу бөлшектері автокөлікке құлағаны туралы- 1 хабарлама келді. Төрт автокөлікке зақым келді. Сондай-ақ, 109-құтқару қызметіне өту жолдарына, жаяу жүргіншілер аймағына және балалар алаңына бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 17 хабарлама келіп түсті. «109 қызметінің ақпаратына сенсек, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Барлық өтінім кезек тәртібімен өңделеді»,- деп хабарлады қалалық ТЖД.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде