Алматыдағы “Айнабұлақ” ықшам ауданында көліктен мәйіт табылды. Марқұмның қасында болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Полицейлер «Айнабұлақ» ықшамауданында Toyota автокөлігінде табылған мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
«Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б. есімді ер адам ұсталды. Марқұм екеуінің арасында жанжал болуы мүмкін», – Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайтынын атап өтті.