jasqazaq.kz

Алматыда көлік ұрылары ұсталды

03 тамыз 2022, 10:33

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкілдер Түркістан облысының 32 жастағы тумасы мен оның сыбайласы 40 жастағы ер адам төрт көлік ұрлау дерегіне қатысқанын анықтады.

«Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын бөлімше қызметкерлері Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізді. Қаланың Медеу ауданында қаскөйлер төрт көлікті ұрлап кеткені анықталды. Қазірдің өзінде үш көлік табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Төртінші көлік Toyota Vista әлі табылған жоқ. Ұсталғандардың бірі ұрланған көліктегі аккумуляторды металл қабылдау орнына тапсырып жатқан видеоны тәркіледік», — дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Айыпталушылар қамауға алынған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық