jasqazaq.kz

Көлік ұрлаумен айналысқан өзбекстандық ұсталды

10 мамыр 2018, 17:05

Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

34 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы мен 32 жастағы Алматы тұрғыны біріге отырып, Алматыдағы «ВАЗ», «Лада» маркалі көліктерді ұрлаумен айналысып келген. Бүгінде полицияға көлігінен айрылған 8 адам шағымданып үлгерген. Тергеушілер аталған қылмыстарға өзбекстандық азамат пен Алматы тұрғынының қатысы барын анықтады. 4 машина Шымкент қаласында, ОҚО-дан, 1 көлік Алматы облысынан табылды. Және бір көлік Астанаға жеткізілгені анықталды. Қазір 6 машина да заттық айғақ ретінде тәркіленді. Тергеушілер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде