jasqazaq.kz

Алматыда көлік контейнерге соғылып, 17 жастағы жолушы қаза болды

11 наурыз 2022, 15:54

Алматыда «Lexus RX-300» көлігі контейнерге соғылып, 17 жастағы жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы бүгін түнде шамамен сағат 00:10-да Сүмбіле көшесінде болған. «»Lexus RX-300» көлігінің жүргізушісі Сүмбіле көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, «Өжет» ықшам ауданында рөлге ие бола алмай қалған. Ол жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылып, содан кейін инерциямен контейнерге «кіріп» кеткен. Жол апаты салдарынан 17 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді», — деді Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр