
Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған жол апатының видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланды.
Бейнекадрда көрсетілгендей, Lexus көлігі көшені кесіп өтпек болған екі баланы қағып тоқтаған. Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі арыққа қарай құлап кетсе, екінші көліктің алдына қарай 5 метр қашықтыққа ұшып түсті. Балаларды түрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. «Бала құрбымның ұлы. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала есін біледі», — деді Нина Алимовна. ҚазАқпарат тілшісі жол апатының жай-жапсарын білу үшін қалалық ІІД мен Денсаулық сақтау басқармасына хабарласты. Әзірге құзырлы органдар түсініктеме берген жоқ.