
Алматылық полйцейлер жолдың қарсы бағытымен жүрген жүргізушіні ұстады. Ол 1999 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны Қуаныш Ақым болып шықты.

Алматы қаласының жол полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жүргізушіге 7 қаттама толтырылып, оның екеуі сотқа жіберіледі. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Жас жүргізушіге мынадай жаза тағайындалады.
Бұл үшін ол 6 айға көлік басқару құқығынан айрылуы және қарсы бағытта жүргені үшін тағы алты ай қосылып, бір жыл көлік басқару куәлігінен айрылуы мүмкін.
Салтанат Әзірбек: «Қазір Алматы қаласы бойынша тергеу бөлімі 293-бап, бұзақылық дерегі бойынша алдын-ала тергеуді бастады. Ол басқа да жол пайдаланушылардың өміріне қатер төндірген. Алматы Жол полициясы толық жауапкершілікпен хабарлайды. Бірде-бір заң бұзушылық жазасыз қалмайды».