jasqazaq.kz

Алматыда Көк базар маңындағы автотұрақ құны қымбаттады

22 ақпан 2021, 17:00

Алматыда Көк базар маңында сараланған тариф енгізілетін болады.

«2021 жылдан бастап № 1501 аймағында сараланған тариф іске қосылады. Көкбазардың маңында 1 сағат тұрақ құны 150 теңге болмақ. Бұл өзгерістер тек сол базар маңындағы 317 тұрақ орнына байланысты», — делінген «Алматы паркинг» ЖШС ресми парақшасында. Мұндай тариф тұрақтардың толуын реттеуге септігін тигізеді. Тұраққа сұраныс көп болған сайын бағасы қымбат болады. Бұл тәсіл тұрақ орнының қолжетімділігін 10-20%-ға арттырады. Компания өкілдері неліктен Көк базар маңында сараланған тариф енгізіліп жатқанын түсіндірді. «2020 жылы базар маңындағы тұрақтардың басқа жердегі тұрақтармен салыстырғанда 2 есе көп уақыт алатыны анықталды. Бұл жерде 1 орында күніне 2,6 көлік тұрады екен. 2017 жылы күніне 7 көлік айналатын. Қым-қуыт сәттерде автотұрақ 100 пайызға пайдаланылады. Бұл сол жерде тұратын адамдарға да ыңғайсыз әрі көлік иелері орын іздеп айналып жүрген кезде кептеліс тудырады», — деді компаниядан.

Жүргізілген талдауға сәйкес, тұрақ ақысының көтерілуі базар келушілеріне көп ықпал етпейді. Себебі, келушілер аз уақытқа келіп кетеді. Ал базар маңына бір күнге көлігін қалдыратындарға бұл тиімсіз болмақ. Ал қаланың басқа аймақтарында тұрақ ақысы сағатына 100 теңге.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия