jasqazaq.kz

Алматыда қызыл су басуы мүмкін 12 аумақ бар

22 ақпан 2019, 15:01

Синоптиктердің наурыз айына жасаған болжамы Алматыдағы төтенше жағдай қызметінің мамандарын қатты алаңдатып отыр. Олар тасқынның алдын алуға техника сайлап, қазірден бастап қамдануға кіріскен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Өйткені қалада қызыл су басуы мүмкін 12 аумақ бар. Олар Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында. Екі жыл бұрын тасқынға тосқын болу үшін қала қазынасынан 12 млрд 700 миллион теңге бөлініпті. Бұл қыруар қаржы төтеншеліктер үшін жеткіліксіз болған көрінеді. Алып шаһарда арық жүйесі әлі де жүргізілмеген аудандар бар екенін мамандар мойындап отыр. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толтырып, тасқынның алдын алуға тас түйін дайын боламыз дейді құтқарушылар. Биыл тау жақта қар жылдағыдан көп түскен. Сондықтан таулы аймақтарда көшкін жүруі де ықтимал.

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

— Таулы аймақтарда қардың биіктігі 46-86 см құрайды. Қатқан жердің қалыңдығы 20 см. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Алматы әкімдігі резервінде 5 млрд теңге қарастырылды. Ай соңында қаланың сегіз ауданын қоқыстан тазарту және өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда