jasqazaq.kz

Алматыда қызық бар: Сырты -компьютер клубы, іші — онлайн-казино (видео)

29 мамыр 2020, 21:36

Компьютер клубының атын жамылған онлайн-казино! Алматыда астыртын жұмыс істеген электрондық ойынхананың жұмысы әшкере болды. Экономикалық тергеу департаменті заңсыз табыс тапқандардың жолын кесті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әр компьютерде ақша құйып, оны еселеуге жылтыраған жарнамасымен шақыратын ойындар самсап тұр. Мұнда көлденең көк аттылар кіргізілмейді, тек таныс арқылы. Ал күдік тудырмас үшін ғимараттың сыртына «Компьютер клубы» деген тақтайша іліп қойған. Ойынханадан 50 дана компьютер мен көлеңкелі айналымнан түскен 210 мың теңге тәркіленді.

Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

— Ол жерге кірген адамдар кассаға ақшасын береді. Кассаға берген ақшаны компьютерге салып, сол арқылы электронды түрде казино ойнаған. Ұйымдастырушыларға ҚР ҚК-нің 307 – «аңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия