jasqazaq.kz

Алматыда қызды тонаған жігіт іздестірілуде (Видео)

04 маусым 2021, 16:59

Алматыда көшенің ортасында қызды тонап кеткен ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео Instagram-да пайда болды.

«Бүгін таңертең сағат 9:31-де Айвазовский көшесіндегі жеке секторда бір қызды тонап кетті», — деп жазды желі қолданушы. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-ші бабы бойынша тіркелді. «Қылмыс бүгін таңертең жеке секторда болды. Жедел — тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. Сонымен қатар бейнебақылау камераларынан алынған мәліметтер мұқият зерттеледі», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия