jasqazaq.kz

Алматыда қызды алып қашқан үш жігіт сотталды

01 қараша 2019, 11:01

Алматы қаласының №2 Жетісу аудандық сотында адам ұрлаған үш жігітке қатысты сот отырысы өтті. 

Сот мәліметіне сәйкес, биылғы тамыз айында түнгі уақытта үш жігіт туысқан сіңлісімен бірге серуендеп жүрген кәмелетке толмаған қыздың үйінің жанына келген. Біршама уақыт өткен соң ер азаматтардың бірі Б.-ның артқы жағынан келіп, аузын жауып, достарымен бірге көлікке отырғызған. Қалаға жетер жолда жасөспірім қыз қолдарынан сытылып, көліктен қашып шыға алған. Сотта жігіттердің бірі қыздың соңынан оны алғаш дәмханада көрген – өткен жылдан бері бақылап жүргенін айтты. Сол кездесуден кейін қызды әлеуметтік желіде тауып алып, жиі жазып тұрған. Бірақ, жауап хаттар келмеген. Кейін үйлену үшін ұрлап қашуды шешкен. Ол өз кінәсын мойындап, істеген ісіне өкінді. Кәмелетке толмаған қыз жігіттерге кешірім беріп, соттан бас бостандықтарынан айырмауды сұрады. Сот ер азаматтардың үшеуіне де пробациялық бақылаумен жеті жылға бас бостандықтарын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде