jasqazaq.kz

Алматыда қыстың күні төрт адамды кене шақты

08 ақпан 2019, 14:53

Алматыда қыс мезгілінде кене шағу деректері анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Жыл басынан бері төрт адам зардап шеккен. Олар ешқайда шықпаған, өз үйінде отырып-ақ кене шаққан.

Зардап шеккендердің бірінің анасы алматылық Анеля Мусанова басында бір жарым жасар баласының шүйдесінде сағыз не кәмпит жабысып тұр деп ойлаған. Нақтылап қарағанда, ол өз көргеніне шошыған. Арнайы пунктте балаға екпе салған, олардың айтуынша, кене төрт күн бұрын жабысқан. Әйелдің айтуынша, бала сыртта серуендемейді және үй мысығын да далаға жібермейді екен. «Кенені кез келген жағдайда үйге алып кіруге болады (гүлдер, бұтақ немесе басқалары). Кенелер үй жануары арқылы да кіруі мүмкін. Сол себепті, кене пәтерден қоныс тауып, жылыған уақытта құрбандық іздеп шыққан болуы мүмкін», — дейді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.

Негізінен кенелер наурыз бен қыркүйек аралығында белсенді, ал мамыр-шілде айларында олар күшейе түседі. Бұл жәндіктер жылу мен жоғары ылғалдықты жақсы көреді. Жер бетінің температурасы төрт градустан төмендеген уақытта, кенелер қатып қалып, белсенділігін жояды. Олар негізінен жапырақтар мен шөптердің түбін паналайды. Қансорғыш жәндікті аязда «жұқтыру» мүмкін емес. Алайда кене шағу деректері қыс мезгілінде де кездесіп жатады. Кене уына қарсы иммуноглобулин екпесі тегін және тәулік бойы Алматының бес мекемесінде жасалады: 1) Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, телефон 274 86 41) — Бостандық және Медеу аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді. 2) Жедел жәрдем ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96, телефон 292 31 01) — Алмалы ауданының ересек тұрғындары. 3) № 4 Қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220, телефон 300 37 01) — Жетісу және Түрксіб аудандарының ересек тұрғындары. 4) № 7 Қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшамауданы, Райымбек даңғылы, телефон 270 86 31, ішкі 138) — Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының ересек тұрғындары. 5) Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы (Манас көшесі, 40, телефон 274 83 19) — қаланың барлық аудандарындағы 14 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларды қабылдайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде