jasqazaq.kz

Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды 

07 шiлде 2022, 14:24

Мегаполисте биыл құрбандық шалуға 13 орын белгіленді. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда құрбандық шалу рәсімі офлайн және онлайн режимінде өтеді. «Алматы қаласының әкімдігі тарапынан офлайн форматта құрбандық шалуға және мал сатуға рұқсат етілген қала аумағында арнайы 13 орын бекітілді»,- дейді Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби.

Атап айтар болсақ,

Алатау ауданы бойынша – Мырзахмет мешіті, Әскер ата мешіті, Алғабас мешіті, Әл-әзим мешіті;

— Бостандық ауданы бойынша – Бақыткелді мешіті; — Медеу ауданы бойынша – Аманқұл ата мешіті, Фатима мешіті, Райымбек батыр мешіті;

— Наурызбай батыр ауданы бойынша – Қалқаман мешіті, Қарағайлы мешіті және Таусамалы базары;

— Түркісіб ауданы бойынша – Қайрат мешіті;

— Жетісу ауданы бойынша – Войнах мешіті.

Құрбан Айт — мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні тойланады.

Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады. Бұған дейін Құрбан айтта Алматының орталық мешітінде спартакиада өтетіні туралы жазған болатынбыз.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр