jasqazaq.kz

Алматыда Құрбан айт кезінде қандай шектеулер қойылады?

27 шiлде 2020, 18:46

Алматы қаласы Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесіне қатысты қаулы шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қаулыға сәйкес Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында төмендегі іс-әрекетке тыйым салынады:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;

2) Алматы қаласының аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады.

31 шілдеден 2 тамыз аралығында Алматы қаласының орталық мешітімен белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысын тоқтатылады.

Сондай-ақ, Алматы қаласының кіре берістерінде, құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына жануарларды әкелмеуді болдырмау үшін посттар ашылады.

Құрбандық шалуға онлайн режимінде Qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы рұқсат беріледі. «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру қолға алынған.

Құрбан мерекесіне атсалысқан адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету көзделген.

Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының полиция департаментіне, аудандық әкімдіктерге және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жүктелді.

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді