jasqazaq.kz

Алматыда қылмыстық топ ұсталды

15 мамыр 2018, 11:15

Алматы қалалық ІІД өкілдері Алматы облысында үш ер адамның тұрғындарды қалай тонап келгендерін айтып берді. Қылмыстық топта Жамбыл мен Алматы облыстарының үш тұрғыны болған.

Олардың екеуі осыған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған. «Бұл ер адамдар көбіне тұрғындардың көліктерін ұрлап кетіп жүрген. Соңғы рет 4 пәтерді тонап және 4 рет бөтен біреудің көлік құралын иемденіп алған. Тонаушылар бастапқыда пәтерлерді тонау кезінде көліктердің екінші кілттерін тауып алып, кейіннен бірнеше күннен сол үйдің иелерінің көліктерін ұрлап кетіп жүрген. Сонымен қатар, олар бағалы заттар мен сандық техникаларды тонаумен айналысқан», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының өкілдері. Полиция мәліметінше, ұсталғандар қамауға алынды. Олардың аты-жөндері мен осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық