jasqazaq.kz

Алматыда қылмыстық топ ұсталды (видео)

22 сәуiр 2021, 10:08

Алматыда ірі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы бизнес-орталықтардың бірінің алдында топтың бірнеше мүшесін құрықтау бойынша арнайы операция өтті.

Ғимарат қызметкерлері мен қонақтары жедел уәкілдердің бірнеше адамды қалай ұстағанын көрген. Арнайы операция басталғанда куәгерлердің бірі көлігінде болып, жедел іздестіру шаралары аяқталғанға дейін күтуге мәжбүр болған. Кейін оқиға болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылады!

Полиция мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тұрақты түрде есірткі сатқандарды ұстаған. Топтың құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Оны 27 жастағы ер адам басқарған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының назарына ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түсті. Қолда бар жедел деректерге сәйкес, топ құрамындағы ер адам бірнеше ай бойы Алматыда синтетикалық есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан. Оның «көмекшілерінің» қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталған. Әр адамның ролі нақты бөлінген.

Мысалы, үш адам, олардың бірі қыз, логистикалық компания арқылы Ресейден синтетикалық есірткіні өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге жауапты болды. Екі адам — «кассирлер» — өтініш қабылдау және кепілгерлермен жұмыс істеуге жауап береді. Тағы төрт ер адам — Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жиі қолданатын есірткінің кепілгерлері», — деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

https://youtu.be/H_H6HofkYkU

Барлық 10 айыпталушы ұсталды. Синтетикалық есірткі жасау үшін олар бұрын пәтер жалдап тұрғаны белгілі болды. Тінту нәтижесінде белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ пен өсімдік тектес жасыл ұнтақ тәркіленген.

«Атрибуттардың басым бөлігі Алматы маңындағы басқа жалдамалы үйден табылды. Қылмыстық іске: ұнтақ және кесектер түріндегі заттар, электрон таразылар, қабаты бар зертханалық шыны колбалар, ұнтақ және кесектер түріндегі өнімдерді кептіруге арналған түрлі шыны ыдыстар және қасықтар, екі магнитті араластырғыштар, түрлі түсті мың полиэтилен қапшық, зертханалық жағдайларда пайдаланылатын газқағардың екі жиынтығы», — деді Әбілбеков.

Ұсталғандардың айтуынша, тәркіленген заттар «мефедрон» есірткі компоненті. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия