jasqazaq.kz

Алматыда қылмыстық орта белсендісі ұсталды

03 ақпан 2020, 16:31

Алматыда қылмыстық ортада «Серик-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «2020 жылғы 1 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – «Серик-голова») жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. С. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық ортаның 6 өкілі ұсталды. Олар Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген таратылған ақпаратта.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынған. «ҚР ҰҚК мен ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», — деді ҰҚК-ден.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия