jasqazaq.kz

Алматыда құлдықта болдым деген жасөспірім жауапқа тартылуы мүмкін

15 тамыз 2018, 10:52

Алматы полициясы 16 жастағы жасөспірімнің құлдықта болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

Аталған ақпарат бұған дейін бірқатар БАҚ-да жарияланған болатын. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, 16 жастағы Павлодар тұрғыны 1,5 ай бойы үйіне орала алмаған. Кейін анасына біреулер хабарласып, баласының Алматыда құлдықта екенін хабарлаған. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандары жасөспірімнің Алматыда 1,5 ай құлдықта болдым деген ақпаратын тексерді. Аталған дерек ҚР ҚК 126-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қылмыстық іс негізінде Алматы полициясы павлодарлық әріптестеріне тиісті тергеу амалдарын жүргізуге тапсырма берді. Тексеру барысында 16 жастағы жігіттен жауап алынған. «Жас жігіт Алматыға ақша табу үшін келгенін айтты. 1,5 ай бойы Алматыда жеке құрылыс орнында күніне 3-4 сағаттан жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ол қонақ үй типіндегі бөлмені жалдап тұрған», — деді ІІД баспасөз қызметінен. Полиция құлдық туралы қылмыстық істі тоқтатты. Есесіне бұл туралы ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалатын болды. «ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлімімен жалған ақпарат тарату бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. Әр адам айтқан сөзі үшін жауап беруі тиіс. Бүгінде жалған ақпарат таратқан адамдар айыбы дәлелденсе, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстарын жасайды. Болмаса 2-5 жылға бас бостандығы шектеулі мүмкін», — деді полициядан.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді