jasqazaq.kz

Алматыда құдықта ұзын-сонар кезек пайда болды.

18 мамыр 2021, 11:58

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы құдықта ұзын-сонар кезек пайда болды. «Алматы Су» кәсіпорны жағдайды түсіндірді.
«Күні бойы су жоқ! Олар апат болды дейді. Бір ғана құдық бар. Адамдар кезек үшін бір бірімен жанжалдасып жатыр. Ауыз су алатын құдық Молдағұлова- Ақинов көшесінің қиылысында орналасқан», — деп жазды желі қолданушы. «Алматы Су» ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, сумен жабдықтау желілерінде апатқа қатысты жұмыстар жүргізілді. «17 мамырда сағат 05:00-ден 24: 00-ге дейін Чернышевский-Ақынов-Молдағалиев-Толстой көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға уақытша суық су беру шектетілді»- деп хабарлады «Алматы Су» ММ Компания апаттық жағдай туралы алдын ала білу мүмкін емес екендігін атап өтті. №9 емхананың жанындағы Р.Зорге көшесіне және Сауранбаева 24, мамандандырлған халыққа қызмет көрсету орталығына үш автоцистерна су жеткізілді. Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — деп атап өтті компаниядағылар.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде