jasqazaq.kz

Алматыда қозғалысқа рұқсат беретін қағаздар жарамсыз болады

06 сәуiр 2020, 19:49

#үйдеотыр

Алматыда қалада жүруге рұқсат беретін қағаз анықтамалар 7 сәуірден бастап жарамсыз саналады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қалада Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша жедел штаб карантин кезінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың электрондық тізімін жасады. «Бұл базаға медициналық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік органдар, коммуналдық қызмет пен БАҚ өкілдері, такси мен тапсырыспен жеткізу қызметінің өкілдері кірген. Бұл ұйымдардан өтінім 1 сәуірден бастап қабылданып қойған. Кәсіпорын басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтама жазып берген. Тұрғындар түрлі форматтағы қағаз құжат көрсете бастаған. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электрондық база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген барлық кәсіпкерлерге рұқсат беру немесе тыйым салу туралы электрондық хаттар жіберілді», — деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Деректерді толтыру кезіндегі қателіктердің көп болуына, базада жекелеген қызметкерлер мен автокөліктердің болуы немесе болмауына байланысты кәсіпкерлер Алматы Полиция департаментінің байланыс орталығына 254 40 07 телефоны арқылы немесе business_stab@almatydc.kz электрондық поштасы арқылы тексеруі керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде