jasqazaq.kz

Алматыда қонақ үй өртенді

20 қазан 2018, 15:51

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік нөміріне 19 қазан күні түнгі сағат 22-13-тер шамасында Медеу ауданының Елебеков көшесінің бойында орналасқан 4 қабатты ғимараттың 2-ші қабатынан өрт шыққандығы туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 8 минуттан соң, сағат 22-21-де жетті, деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше «Парасат» қонақ үйінің 1-ші қабатынан қою түтін шыққаны, ал 2-ші қабатынан жалын байқалған. «Мәлім болғанындай, 4 қабатты қонақ үйдің 2-ші қабатында екі нөмір мен дәліз өртенгені белгілі болды»,-деп қосты ресми өкіл. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшімен өрттің өзге бөлмелерге енуіне тосқауыл қойылды. Өрт сағат 22-34-те ауыздықталды, ал 00-11-де толықтай сөндірілді. Жалпын шарпыған аймақ 90 шаршы метрді құрады. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді