jasqazaq.kz

Алматыда қоқыс жәшігіне Жириновский есімі берілді

09 қараша 2020, 12:37

Жириновский жақындағы сұхбатында Алматыдағы өзі тұрған Масанчи көшесіне, оқыған мектебіне өз атын бергенін қалайтынын жеткізді.
Қазақ жастары Алматыдағы қоқыс жәшігіне Жириновский есімін беріп қойды.
Владимир Жириновскийдің қазақтарды мазақ етіп, сөзбен түйреп тұратын әдеті бар еді. «Қазақстан деген ел адамзат тарихында болмаған. Қазақтарда не мемлекет, не жер болған емес. Қазақстанның солтүстік облыстарының барлығы дерлік орыстың жері», деген.
Кейінірек, Жириновский қазақтың домбырасын «екі ішек, бір таяқ» деп мазақ етті. Тақыр далада ертеден кеш, не тұшымды сөзі жоқ, қазақтың аңыраған әнінен басқаға жарамайтын қу таяқ. «Қазақ тілі деген не өзі? Жазба әдебиеті болмаған ұлтта қайдағы тіл?» деп тілдеді. Қазақ ұлтының намысына тиетін сөздерінен кейін В.Жириновский жақындағы сұхбатында Алматыдағы өзі тұрған Масанчи көшесіне, оқыған мектебіне өз атын бергенін қалайтынын жеткізді.
Біз қазақтың намысшыл жастары Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп танып, Қазақстанға аяқ бастырмау керектігін талап етеміз. Сайқымазақ саясаткердің арманың орындап өзі тұрған Масанчи 79 мекен-жайында орналасқан қоқыс жәшігіне Владимир Жириновский есімін бердік, дейді «Намыс» Жастар қозғалысының өкілдері.

 zakon.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия