
Түрксіб ауданында орналасқан макулатура қоймасынан өрт шықты. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі 96 Г мекенжайында өрт шықты. Қазір онда өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жаумен күресуде.
«Алдын ала мәлімет бойынша өрт макулатура қоймасынан шыққан. Оқиға орнына 15 техника, жеке құрамнан 60 адам және 2-ші өрт сөндіру бөлімінің 30 тонналық автопойызы жұмылдырылды. Сонымен қатар қызыл жалынның жақын орналасқан нысандарға жайылып кетпеуі әрекеттер жасалып жатыр. Гидранттарға автоцистерналар орнатылды»,– деп хабарлады ТЖД.
ҚазАқпарат