jasqazaq.kz

Алматыда қойма өртенді +(Видео)

09 мамыр 2021, 23:58

Алматыда бір қабатты қойма өртенді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 мамыр 18:33 кезінде құтқару қызметіне хабар келіп түскен. Департаменттің күш-құралдары шұғыл Жетісу ауданы Солтүстік айналма жолы, 87 мекенжайында орналасқан қоймаға аттанды. Өрт сөндірушілер сағат 18:41 шамасында оқиға орнына келіп жеткенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатты. Тез арада іске кіріскен құтқарушылар 25 литрлік 1 газ баллонын қоймадан алып шықты.

«Өрт сөндіретін автопойыздың көмегімен қызыл жалынның жайылуына жол берілмеді. Тілсіз жау 46 минутта ауыздықталды. Қабылданған шаралардың арқасында қойманың басым бөлігі өртенбей, аман қалды» делінген ТЖД хабарламасында.

ҚазАқпарат хабарлағандай, жалынды сөндіруге жеке құрамнан 54 адам және 21 техника жұмылдырылған.

 

https://youtu.be/L9AIs47Bvz4

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия