jasqazaq.kz

Алматыда қоғамдық көлікті құжаты жоқ шетел азаматы айдаған

03 тамыз 2022, 17:05

Алматыда қоғамдық көлікті жүргізіп жүрген құжатсыз шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, Өзбекстан азаматы №126-шы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдаған. Аталған деректі Әуезов ауданының полицейлері «Қауіпсіз жол» айлығы барысында анықтады.

«Тексеру кезінде жүргізушіде өзімен бірге жеке басын растайтын құжаттары да, жүргізуші куәлігі де болмады. Ер адам оларды жұмыс орнында ұмытып кеткенін айтты. Бұл – Заң талаптарын анық ескермеу және соның салдарынан жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіру. Жүргізуші мен автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Сонымен қатар, полиция өкілі Алматыда 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық айлығы өтіп жатқанын еске салды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде