jasqazaq.kz

Алматыда қоғамдық көліктерде бетперде режимін бұзғандар көп

20 қараша 2020, 13:58

Алматыда жарты күн ішінде қоғамдық көліктерде мыңнан астам жолаушы маска режимін бұзды. Бұл туралы Алматы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты.

Оның айтуынша, қалада 16 бағыт бойынша жүретін 32 автобуста маска режимін бақылайтын бейнекамера орнатылған. «Алдағы уақытта мұндай бейнебақылау камералары барлық қоғамдық көліктерде болады. Адамдардың маска тағуын қадағалайтын құрылығы автобустардың салонына орнатылады. Осылайша, маска режимін бұзған жолаушы туралы ақпарат ахуалдық орталыққа түседі, кейін автобус жүргізушісіне хабарлама келеді»,– дейді спикер. Сонымен қатар, қалалық цифрландыру басқармасы қоғамдық көліктерде және адамдар көп шоғырланатын жерде болатын ұрлықтың алдын алу үшін ауқымды жұмыстар жүргізуде. «Осы камералар арқылы біз күн сайын талдау жүргізіп, қалада қаншалықты тәртіп бұзушылықтар болып жатқанын көреміз. Мәселен, 20 қарашада қаладағы сауда орталықтары мен дәріханаларда 21615 бұзушылық анықталды. Жарты күнде қоғамдық көліктерде 3616 заң бұзушылық болды. Оның 1200–і маска режимін ұстамағандар»,– деп атап өтті Баян Қоңырбаев.

 ҚазАқпарат 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия