jasqazaq.kz

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды

18 мамыр 2021, 9:11

Алматыда ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 1982 жылы туған К. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр. Күдікті қамауға алынды. «Естеріңізге сала кетейік, бір топ азамат Алматы қалалық полиция департаментіне қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ұжымдық арызбен жүгінді. Сотқа дейінгі тергеу барысында 2019-2021 жылдар аралығыңда аталған ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға талап етілген қаражатты тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасағаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар әр салымшыға ай сайын енгізілген соманың 20% төлеуі керек болатын»,- деді Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстам Әбдірахманов. Сонымен қатар, ол 1974 жылы туған М. есімді азамат та қаржы пирамидасын құру мен басқаруды жасады деген күдікке ілінгенін айтты. Қазір оны ұстау үшін жедел-тергеу шаралар кешені жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде