jasqazaq.kz

Алматыда қарулы «жиһадқа» үндеген бір топ адам ұсталды (видео)

28 қараша 2017, 17:48

Алматыда тәртіпсіздік жасауды жоспарлаған бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. Оның мәліметінше, ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Топ лидері А.Жұмағұловқа, О.Өміровке және К.Әбішевке қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар тіркелмеген қоғамдық ұйым аясында Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзып, халықты үркіткісі келген, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жұмысына қастық жасағысы келген. Күдіктілер осы жоспарын іске асыру үшін насихат материалдарын, қарулы «жиһадқа» видеоүндеулер дайындаған», — деді Әзірбек. «Мұнымен қатар, олар осы әрекеті үшін жауапкершіліктен жалтару үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорқытып, үркіту (аноним қоңырау шалу, оларды және отбасын өлтіремін деп қорқыту видеожазбалары) бойынша акциялар жасауды жоспарлаған», — деп хабарлады ІІД өкілі. Аноним видеоүндеулерде ұсталғандар бетперде, діни-экстремистік «Хизб-ут-Тахрир» партиясының (Қазақстанда тыйым салынған) белгілері мен қару қолданған. Олар өздері насихаттаған идеяны қолдау үшін заңға қайшы жаппай әрекеттер жасауға шақырған. Күдіктілер жақтастарын іздеген. Бұл ролик және электронды тасымалдаушылар мен діни әдебиет тәркіленіпті. Оларға сараптама жүргізіледі. «Қазіргі нұсқа бойынша, бұл топ шетелде қашып жүрген қылмыстық элементтерінің тапсырысы бойынша әрекет еткен. Қазіргі уақытта олар Алматы қалалық ІІД-нің тергеу изоляторына қамалды. Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр», — деді ІІД өкілі. Айтуынша, бұл топ мүшелерінің бірі мұның алдында кісі өлтіргені үшін сотты болған.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды