jasqazaq.kz

Алматыда қару-жарақ жасырылған орын табылды (Видео)

16 наурыз 2022, 17:06

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсеткен. Бұл жолғы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

«Тапаншалар, оқ-дәрілер, полиция киімдері салынған пакет кәрізге жасырылған. Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасына 100-ден астам оқ, Калашников автоматына — 107, аңшылық мылтықтан 16 оқ, екі оқ өтпейтін жилет, радиостанция, полиция формасы, камуфляж сөмке, сондай-ақ 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды», — деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде