jasqazaq.kz

Алматыда қарт әжей бір апта бойы мәйітпен бірге тұрған

29 наурыз 2019, 13:12

Алматыда қарт әжейді қараушы әйел қайтыс болып кетті.

Қайғылы оқиға Нұркент шағын ауданындағы №75 үйде болған. Көршілердің айтуынша, 86 жастағы әжейдің күтушісі аяқ астынан қайтыс болып кеткен. Ал науқас қария күтушісінің қайтыс болғанын ешкімге хабарлай алмаған. Осылайша бір апта бойы мәйітпен өмір сүрген. Есік іштен бекітулі болған. Ал көршілері бір сұмдықтың болғанын жағымсыз иістен білген. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Полиция адам өлімінің болғанын растады. «Иа, әйел адам қайтыс болып кеткен. Зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Дәрігерлер аяқ астынан болған өлім деді. Мәйіттің қанша уақыт жатқанын арнайы сот-медициналық сараптама анықтайды. Ал пәтерде болған қарт әжей аман. Оны дәрігерлер алып кетті», — деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 90-ға таяп қалған қарт әжей ауыр дертіне байланысты күтушісінің қайтыс болғаны туралы хабарды ешкімге жеткізе алмаған. Бір апта бойы тамақ пен сусыз жатқан қария ауруханаға жеткізілді. «Пациенттің жағдайы ауыр. Оның жүрегінде ишемиялық ауруы болған. Аралас генезді энцефалопатиясы бар және құлағы жақсы естімейді. Түскен кезде Кахекси́я диагнозымен түсті. Яғни, ағзасы қатты жүдеген», — деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда