jasqazaq.kz

Алматыда қараусыз жүрген екі жүзден астам бала ұсталды

28 наурыз 2018, 17:19

Алматыда 21-31 наурыз аралығында кәмелетке толмағандар арасында жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында ІІД қызметі мен мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жалпы қалалық «Мерекелер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы Baq.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шараның нәтижелі өтуі үшін білім беру мекемелері, прокуратуралар, ата-аналар комитеті, педагогикалық ұжымдар, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты және ІІД-нің басқа да қызметі жұмылдырылды», — дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ләйлә Әліпбаева.

Жедел-профилактикалық шара аптасында 237 кәмелетке толмағандар әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына жіберілді. Соның ішінде 223 әкімшілік құқық бұзушылық жағдайы тіркелді. Қараусыз және қорғансыз жүрген 14 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. Сондай-ақ, қаладағы сауда орындарында кәмелеттік жасқа толмағандар алкогольді ішімдік пен темекі бұйымдарын сатқан 7 жағдай тіркелді.

«Ұсақ бұзақылық жасаған 20 жасөспірім ұсталды. Бұдан басқа, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз демалыс орындарында және үйден тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмаған балаларды іздеуге 206 ата-ана қатысты. 29 құқық бұзушы жасөспірім және 30 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы анықталып, тіркеуге қойылды», — дейді полковник Әліпбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде