jasqazaq.kz

Алматыда қарағандылық ұры көліктен 20 млн теңге ұрлаған

05 қараша 2021, 10:24

Алматыда көліктен 20 миллион теңге ұрлаған қарағандылық ұры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

51 жастағы ұры дабылды сканерлеу арқылы бөтеннің көлігіне кірген. Оның бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Бұл қылмыс 28 қазан күні сағат 10:30-да болды. Т. есімді азамат Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында тұрған Mercedes көлігінің салонына заңсыз кіріп, сол жерден жасырын 20 миллион теңге ақша ұрлаған. «Күдікті Қарағанды облысында ұсталды. Ер адам ұрланған ақшаның бір бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Қалғаны тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық ПБ тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Полиция мәліметінше, қазір бұл қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде