jasqazaq.kz

Алматыда қар жауып, көктайғақ күтілуде

09 ақпан 2022, 15:12

9 ақпаннан 10 ақпанның таңына дейін Алматы қаласында қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 0…-2, түнде -4…-6 градусқа дейін жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ орын алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада көктайғақтың алдын алу мақсатында 204 құм себуші кезекшілікте тұр. Қар тазалауға барлығы 624 бірлік жұмылдырылады. Арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы еңбекке тартылады.

Ауа райының нашарлауына байланысты жолда көктайғақ болып, кептеліс орын алады. Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ жүруге шақырады.

Жүргізушілерге жылдамдықты бәсеңдетуге, көліктер арасындағы қашықтықты арттыруға және кенеттен маневр жасамауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер жаяу жүргіншілер жолымен жүру кезінде мұз қабатының пайда болуы мүмкін болғандықтан сақтық шараларын сақтағаны абзал.
Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде